Қаражал таза қала ма?
«Таза қала» бұл жолы Қаражалға ат
басын тіреді. Кеншілер шаһары - еңбектің, төзім мен тәртіптің мекені. Қалада
кәріз жүйесі жаңарып, тұрғын үйлер жөнделіп жатыр. Ал кей үйлер әлі бос,
кейбірінде екі-ақ отбасы қалыпты...
Көктемде отырғызылған жүздеген
ағаш, абаттанған аулалар мен жаңа спорттық нысандар - жаңарған Қаражалдың
бейнесі.
Алайда шешімін күткен мәселе аз
емес: тозған электр жүйелері, бос үйлер. «Қаражал таза қала ма?» - осы сұрақтың
жауабын біз тұрғындардан сұрадық.
Бәрін «Таза қала»
бағдарламасынан, «Jibek Joly» арнасында көріңіз!

