Картинадағы сырлы сезімдер. Нұршидин Баратов

Нұршидин Баратовтың көркем туындыларына көз салғанда, қылқаламмен салынған түс көріп жатқандай боласың. Суретші табиғат көрінісін тамаша жеткізгені соншалық, бояу реңктері өлеңдей өріліп, жаныңды толқытып, жүрегіңді тербетіп жібереді. Модернизм бағытындағы жұмысты Нұршидин жоғары деңгейде орындай алды. Нұршидин Баратовтың қоршаған орта, отбасы туралы өз пікірі, көзқарасы бар. Қылқалам шебері ішкі әлемін жарыққа шығару үшін ұзақ дайындалған.