Кәсіпкерлікті қолдау: жастарға жеңілдікпен шағын несие беріле бастады

Кәсіпкерлікті қолдау: жастарға жеңілдікпен шағын несие беріле бастады

 Жаңа бағдарламаны жүзеге асыруға қазынадан 29 млрд теңге қаралған. Соның 815 млн теңгесі Маңғыстау облысына бөлінді. Осы күнге дейін 30 тұрғын хабарласып, жеңілдетілген несие алуға өтінім беріп үлгерді. Тиісті комиссия мақұлдаған жағдайда, кәсібін өркендетем деген кәсіпкерге 5 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие беріледі.  Микронесиені жасы 21 пен 35-тің аралығындағы ауыл, аудан және қала тұрғындары ала алады.  бдулазиз Кемелұлы, Мұнайлы ауданының тұрғыны:

5 млнға дейін ақша алуға болады. Соны естіп қуанып отырмыз. Өзімнің де ауылшаруашылығында бастаған бірнеше жұмысым бар еді. Сондықтан үкімет тарапынан қолдау күтеміз.

Мұрат Баймағамбетов, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры:

Кәсіпкер боламын деген азаматтар, кәсіпкерлігі 5 жылдан аспаған жастар бізге келеді. Біз оларға толық түсінік береміз. Одан кейін тізімдерді ұсынамыз, қандай құжаттарды жинайтынын. Сосын оларды сараптаймыз. Заңгерлер тексереді. Шамамен енді 163 адамға несие беріміз деп жоспарлап отырмыз.

Сонымен қатар борышкерлерге негізгі қарыз сомасы мен сыйақы аралығын төлеу барысында жеңілдік мерзімі қарастырылған.  Ол микроқаржы берілген  мерзімнің үштен бірінен аспайды. Несие мерзімі 5- жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласына 7 жыл.