Қазақ даласының қазынасы

Қазақ даласы әлемдегі ірі металлургия орталықтарының біріне айналған. Ал, «Қазақмыс» – Қазақстандағы ең алып мыс өндіруші, табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу бойынша жетекші халықаралық компания. Мыс өндірісі кенді өндіруден бастап, соңғы өнім — катодты мыс пен мыс сымдарды шығарғанға дейін толығымен біріктірілген.