Қазақ мәдениетін, тілін терең зерттеп жүрген молдаван қызы – Алла Чечеткина

Қазақстанда өмір сүретін өзге ұлт өкілдерінің ел дамуына қосқан үлесі зор. Әсіресе жастар арасында қазақ мәдениетін, тілін терең зерттеп, өзгелерге үлгі болып жүргендер бар. Солардың бірі – молдаван қызы Алла Чечеткина. Біз бүгін Алламен жақын танысамыз. Ата-анасы Алланың қазақ тілін үйренуге деген талпынысын көріп, бетін қақпай, керісінше қолдау білдірді. Мектеп қабырғасында молдаван қызының ұмтылысын ұстаздары да байқап, қазақ тілін жетік меңгеруіне атсалысып қана қоймай, түрлі жарысқа қатыстырды.