Қазақ тілін үйренуге арналған бірегей қосымша

Қазақ тілін үйренуге арналған бірегей қосымша

Қазақстандық ұстаздар мемлекеттік тілді меңгеруге арналған бірегей тұғырнама ойлап тапты.  Әзірге елімізде баламасы жоқ «Onai qazaqsha» қосымшасы сөздік қорды толықтырып, тілдік граматиканы терең оқытуға бағытталған.  Яғни, тілді қазақшаға сындырып еркін сөйлеуге үйретеді. Электронды оқу жүйесі әртүрлі деңгейдегі күрделі  мәтіндер мен ережелер, сөздер және сөз тіркестерінің кең жиынтығы бар кірістірілген сөздік негізінде құрылған. Әрбір сөз тіркесінің қазақ тілінде дыбыстық сүйемелдеуі бар. Үш курс деңгейін таңдауға болады. Онлайн тұғырнама балалар мен қатар ересек адамдарға да бейімделген. Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін ғылым мен техниканың тіліне айналдыру керектігін айтқан болатын.  

Махаббат Боранбаева, ұстаз:
- Жалпы осы контентті құрастырған кезде біз бірнеше шет тілдерді меңгертетін осы сияқты платформаларды, тіл үйрететін контенттерді қарап өткен болатынбыз.