Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры құрылады

Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры құрылады

Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры құрылады. Соның негізінде терминологиялық база ашылады. Мемлекеттік ақпараттық жүйені қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілді. Ғылым және жоғары білім министрі бұйрығының жобасы әзірленіп, Нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланды. Ұлттық сөздік қорды құрудағы мақсат – қазақ тілін мәдени құндылық ретінде сақтау, қорғау және дамыту. Сондай-ақ, мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту. Осы қорды құру арқылы тілдің қолданыстағы лексикалық құрамын реттеп, цифрландыру, генерациялау, оны жасанды интеллект пен заманауи технологияларға бейімдеу, өңдеу процестерін автоматтандыру көзделген