Қазақ уранына сұраныс артты

Қазақ уранына сұраныс артты

Қазақ уранына сұраныс артты. Бүгінде әлемдік уран тасымалының жартысына жуығы еліміздің үлесінде. Қазақстан дүниежүзі бойынша концентраттың 43% тасымалын қамтиды. Осылайша, Қазақстан әлемдік деңгейде электр энергиясын көміртегі қалдықтарынсыз өндіру ісінде шешуші рөл атқарады. Біздің концентратқа Біріккен Араб Әмірліктері қызығушылық танытуда. Соған орай тараптар арасында алғаш рет келісімшарт бекіп, олардың атом электр станциясы Қазақстанның ядролық отынын тұтынатын болып уағдаласты. Сонымен қатар Шығыс Еуропаға шығуға да мүмкіндік бар. Өйткені, Ресей ядролық отыннан бас тарту мәселесін қарастыруда. Осылайша, 2025 жылдан бастап Қазақстанмен келісімшартқа отыру бойынша келісссөздер жүргізілуде. Бұған қоса биыл уранды Қытай порттарының бірі арқылы жөнелтетін үшінші экспорттық бағытты ашу да жоспарланған. Ал, әзірге ел ураны Ресей мен Каспий және Қара теңіз арқылы экспортталады.