«Қазақмыс» Балқаштың экожүйесіне 5 млн доллор бөледі
«Қазақмыс» Балқаштың экожүйесін жақсартуға 5 млн доллар бөледі. Бұл туралы корпорация өкілдері мәлімдеді. Қаражат көлді зерттеуге, судың био-алуантүрлілігі мен сапасына мониторинг жүргізуге жұмсалмақ.
Балқаштың тартылып бара жатқаны туралы эко белсенділер
жиі дабыл қағатын. Оған тек Қазақстан ғана емес халықаралық ұйымдар да
алаңдаулы. Сондықтан, Бакуде өтіп жатқан COP29 конференциясында көлдің
стратегиялық маңызы да талқыланды. Ал, «Қазақмыс» нақты жоспарларды талдап,
жүйелі қаржыландыруды мойнына алды.

