«Қазақстан балалары» бағдарламасы құрылады: Мақсаты неде?
Енді елімізде «Қазақстан балалары» бағдарламасы құрылады.
Ол туралы Президент Ұлттық Құрылтайдың отырысында айтты. Оның мақсаты балаларға
білімнен бөлек, тәрбие беру, зорлық зомбылықтан қорғау. Өз сөзінде мемлекет
басшысы әйелдер мен балалардың құқығын қорғау үшін нақты шаралар мен Заңдар
қабылдағанын, алайда әлі де жаға ұстатар жағдайлар тиылмай тұрғанын жеткізді.
Сонымен қатар, діни оқу орындарындағы білімді қадағалау, ономастика саласында
ата бабалардың есімін әйгілеуді тоқтату мәселелері айтылды.

