Қазақстан Дүниежүзілік банктің су ресурстары жөніндегі жұмыс тобына қосылуы мүмкін

Ведомствоның айтуынша, бұл елімізге елімізге экономиканың барлық салаларында суды тиімді және ұқыпты пайдалану мәселелерінде әлемнің жетекші елдерінің озық тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді. Айта кету керек, Қазақстан – дүниежүзілік мұхиттан ең алыс және теңізге шыға алмайтын ел, аумақтың 2/3 бөлігі құрғақ аймақтарды құрайды. Оның тек 3%-ке жуығын су алып жатыр. Сонымен қатар елімізде климаттың өзгеру салдары байқалуда. Бұл су ресурстарымен проблемаға алып келеді, өйткені көптеген трансшекаралық өзендер бойынша Қазақстан ағысы төмен орналасқан. Су ресурстарының 40% астамы бізге көрші елдерден келеді. Министрліктің хабарлауынша, бұл проблема жаһандық жылынуға байланысты өсе береді.