Кейбір көшелердегі қозғалыс шектеледі

Кейбір көшелердегі қозғалыс шектеледі

Алдағы 3 күнде Астанадағы бірқатар көшеде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Қала әкімдігінің мәліметінше, Қабанбай батыр даңғылының әуежайдан бастап Мәңгілік ел даңғылына дейінгі бөлігі жабық болады. Ал, Мәңгілік ел даңғылының Қонаев көшесінен Қорғалжың тас жолына дейінгі бөлігінде қозғалыс тоқтайды. 17-ші маусым күні Керей, Жәнібек хандар көшесі – Мәңгілік ел даңғылынан Шерхан Мұртаза көшесіне дейін, және Тәуелсіздік даңғылы – Керей, Жәнібек хандар көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі аумақ жабылады. Ал, сағат 14:00 мен 20:30 аралығында Бейбітшілік және келісім сарайының маңындағы Аманжолов пен Нәжімеденов көшелерінде де көлік қозғалысы шектеледі. Осыған орай, шаһар басшылығы қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлап, түсіністік танытуға шақырады.