Қазақстан еуропалықтарды несімен қызықтырады? Ива Леннартц | Шетелдіктің бір күні

Еуропалықтарды Қазақстан несімен қызықтырады? Бұл сұрақтың жауабын елімізге Германиядан келген студент Ива Леннартцтен біле аламыз. Ол Назарбаев Университетінде PhD бағдарламасы бойынша білім алып жатыр. Иваны тарих пен антропология қызықтырады. Ол Еуразиялық зерттеулер тақырыбына диссертация жазуға дайындалып жатыр. Көрермендер шетелдік студенттің Қазақстандағы өмірі туралы біледі. Сондай-ақ онымен бірге Ironman жарысына қатысқан спортшыларға қолдау көрсетеді. Бағдарлама барысында Ива ауғанстандық досымен және Дюссельдорфтен келген ата-анасымен таныстырады. Университет кампусындағы өмірін көрсетіп, Орталық Азиядағы ең үлкен мешітке барып қайтады.