Қазақстан халқының тілдері күні
Хакім Абайдың 175 жылдығына орай жер-жерде өтіп жатқан әдеби эстафетаға Қостанай қаласының тұрғыны Алла Чечеткина да қатысты. Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абайдың шығармалары оған қазақ тілін үйренуге себеп болған. Алла Чечеткинаның ұлты – молдован. Дегенмен ол қазақша жақсы сөйлейді. Біз хабарымыздың бүгінгі санын Қазақстан халқының тілдері күніне арнадық.