Қазақстан мен БАӘ үкіметаралық келісімге қол қойды

Қазақстан мен БАӘ үкіметаралық келісімге қол қойды

Қазақстан мен БАӘ-нің бірлескен жаңа жобалары 6 млрд доллардан асады. Жуырда екі ел ұзақмерзімді стратегиялық әріптестік орнату жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойды. Оның ішінде энергетика, агроөнеркәсіп, көлік логистикасы, фармацевтика және қаржы салалары бар. Сонымен қатар сапар аясында Қазақстан мен Әмірліктің пошта қызметтері «Естелік және мерейтойлық даталар» сериясымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл. Біріккен Араб Әмірліктерінің құрылғанына 50 жыл» тақырыбында екі пошта маркасын шығарды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Әмірлік компаниялары Қазақстанда жалпы құны 3,5 млрд доллардан асатын 11 ірі инвестициялық жобаны іске асыруға қатысуда.

Авторы: Гүлбану Тәжібек