Қазақстан мен Орталық Азия елдерін не күтіп тұрғаны белгісіз – ХВҚ
Әлемдік экономика үшін COVID-19 пандемиясының салдары қиын болды. Бұл тұста Қазақстан екі бірдей соққыны бастан кешірді. Іскерлік белсенділік баяулап, мұнай бағасы күрт төмендеді.
Жағдай қалай өрбиді және Орталық Азия елдері мен Кавказға қатысты қандай болжам жасалып отыр? Дағдарысқа дейінгі деңгейге оралу үшін мемлекет және жаһандық деңгейде қандай қадамдар жасау керек? Вакцинаның қолжетімділігі мен иммунизацияны жеделдету қалпына келтіруде қандай рөл атқарады? Алдағы уақытта мұнай құны қандай болады? Қазақстан дағдарыстың қандай әсерін сезінеді?
Бұл туралы Халықаралық валюта қорының Таяу Шығыс және Орталық Азия бойынша департаментінің директоры Джихад Азурдан білеміз. Ләззат Шатаеваның авторлық жобасынан көре аласыз.