Қазақстан мен Өзбекстан өзара тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізуге ниетті

Қазақстан мен Өзбекстан өзара тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізуге ниетті

Қазақстан мен Өзбекстан өзара тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізуге ниетті. Бұл жөнінде ел Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ташкентте Өзбекстан  Президент Шавкат Мирзиёевпен кездесуде мәлімдеді. Еліміздің Үкімет басшысы көрші елге Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 16-шы саммитіне қатысу үшін барды. Айта кетейік бұл – Орталық Азия елі Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі. Екі мемлекетке аймақтағы бар сауданың 70%-ті тиесілі. Министрлер кабинетінің басшысы жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық уағдаластықтарды іске асыру Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтерінің бақылауында болатынын атап өтті.   

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Сіз бен біздің Президент арасында қол жеткізілген барлық уағдаластықтарды іске асыру екі ел үкіметтерінің ерекше бақылауында. Басым бағыттардың бірі - өзара іс-қимылымыздың берік және тұрақты экономикалық тұғырнамасын құру. Сіз дұрыс айтасыз, біздің алдымызда үлкен міндеттер тұр. Арамыздағы тауар айналым өткен жылы 30%-ке артты. Биылда осындай қарқынмен өсіп келеді.  Біз сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға басымдық береміз. Соңғы бір жарым-екі жылда 10 шақты  бірлескен жоба іске қосылды.  Бүгінгі таңда тағы 60-тан астамы жүзеге асырылу барысында. Сіз жаңа атап өткендей арамызда шешілмейтін немесе шешімін таппаған мәселелер жоқ.