Қазақстан Президенті БҰҰ Бас хатшысының арнаулы өкілімен кездесті

Қазақстан Президенті БҰҰ Бас хатшысының арнаулы өкілімен кездесті

Ауғанстандағы дағдарысты тұрақтандыру аясында Қазақстан мен БҰҰ  арасындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев ұйым Бас хатшысының арнаулы өкілі  Дебора Лайонспен кездесуде талқылады. Мемлекет басшысы Қазақстанның терроризм мен экстремизмге қарсы күрес, Ауған еліне гуманитарлық көмек көрсету, осы ел студенттері үшін білім беру бағдарламаларын жалғастыру бойынша халықаралық қоғамдастықпен жан-жақты ықпалдастықты жалғастыруға бейілді екенін растады. Дебора Лайонс аталған ұйым миссиясының қызметіне қолдау көрсеткені үшін Қазақстан басшылығына ерекше алғысын білдірді.