Қазақстанда ақылы автожолдар көбейеді

Маусым айынан бастап Қазақстанда автожолдардың 18 учаскесі ақылы жүйеге ауысады. Олардың жалпы ұзындығы 6 мың шақырымды құрайды. Кірістер қазынаға Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық бағыты мен автобаннан түсетін болады. Автомагистральдердегі көлік ағынын бақылау үшін «Сергек» жүйесінің бейнекамералары орнатылады.

Сонымен қатар қозғалыс учаскелерінде шлагбаумдар орнатылмайды. Жеңіл көлік жүргізушілері шақырымына 1 теңге, жүк көлігі жолдың санатына байланысты 5-тен 25 теңгеге дейін төлейді.

Айта кету керек, мұндай жолдарда жүру ақысын төлеу үшін автокөлік нөмірін көрсету арқылы есепшотты толтырудың көптеген нұсқасы бар.

Рустам Исаев, «ҚазАвтоЖол» департаменті директоры:

- Жиырмадан астам төлем әдісін таңдауға мүмкіндік бар. Қазіргі таңда банктер мен төлем терминалдары жүйеге қосылды. Сонымен қатар бізде ақысыз өтетін автомобильдердің белгілі бір топтары мен түрлері үшін арнайы жеңілдіктер де қарастырылған. Соның ішінде әкімдікте тіркелген қалааралық автобустар тегін жүреді.

2025 жылға қарай ақылы жолдар ұзақтығы 11 мың шақырымға жетеді. Осы мақсаттарға 25 миллиард теңге жұмсау жоспарланғанын атап өткен жөн.