Бизнес-жобалар байқауы басталды

Бизнес-жобалар байқауы басталды

Бизнес жобаларға мүмкіндік мол. Қазақстандық үздік стартапшылар 10 млн теңгені қанжығалайды. Елордада «Startup Bolashaq» республикалық байқауының V маусымының басталғаны туралы жарияланды. Жоба отандастарымыздың бизнес бастамаларын қолдауға бағытталған. Өткен жылдағылардан айырмашылығы, бұл жолы бір емес, бірнеше адам жеңімпаз болады. Яғни өз ісін ашып, дамытқысы келетін 10 жас кәсіпкерге қолдау көрсетіледі. Ең өтімді деген идеяларды белгілі кәсіпкерлер мен қаржыгерлерден құралған арнайы комиссия іріктейтін болады. Сонымен қатар финалистер қаржылық модельдеу, бизнес-жоспарлау, келіссөз жүргізу, өз ісін бастау немесе масштабтау сынды пайдалы дағдыларды үйрене алады.

Айта кетейік, байқауға қатысуға өтінімдер 20 қаңтарға дейін жалғасады.

Авторы: Гүлбану Тәжібек