Қазақстанда бизнесті мемлекеттік бақылаудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылады

Үкімет кеңесінде бұл мақсатта «Smart Data Ukimet» платформасы пайдалануға дайын екені айтылды. Ол қазіргі уақытта жұмыс апробациясынан өтуде. Былтыр елімізде осы орайда бизнесті мемлекеттік бақылаудың 35 бағытын автоматтандыру ісі аяқталып, қазіргі таңда тағы сонша бағыт бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде отандық кәсіпкерлікті «таза парақтан» реттеудің 44 саласына талдау жасаған. Нәтижесінде жаңа реттеу саясатының шарттарына сай келмейтін 10 мыңнан аса талап анықталды. Қазіргі таңда кәсіпкерлерге қойылатын негізсіз талаптарды жоюға арналған заңнамалық актілерге 380 көп түзетуден тұратын бірыңғай пул қалыптастырылған. Жақын арада оларды Парламенттегі Бизнесті жүргізу мәселелері туралы заң жобасына қосу жоспарланған. Бұған қоса мемлекеттік органдар заңға тәуелді актілерге сәйкес талаптардың күшін жоюды және қайта қарауды іске асыруда. Премьер-министр тиісті министрліктер 30 маусымға дейін салалық тәуекелдерді басқару жүйесінің қабылдануын қамтамасыз етуі қажет деп атап өтті.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов Үкімет Аппараты саяси мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін тиісті ұсынымдар енгізу және жауапты мемлекеттік органдарға жеке іс иелеріне түсетін жүктемені айтарлықтай жеңілдететін бизнес үшін есеп беруді қысқарту мәселесін одан әрі пысықтауды тапсырды.