Қазақстанда қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия алудың жаңа форматы енгізіледі

Қазақстанда қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия алудың жаңа форматы енгізіледі

Қазақстанда қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия алудың жаңа форматы енгізіледі. Енді лицензияға өтінім беру, оны қарау және лицензияны алу процесі толығымен автоматтандырылады. Барлық функциялар электрондық форматта жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасында ұсынылған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автоматтандыру адами факторды толығымен жоққа шығаратынын атап өтті. Әлеуетті инвесторлар инфрақұрылымнан бастап геологиялық және геофизикалық есептерге дейін сұралған учаске туралы толық ақпаратты алу мүмкіндігіне ие болады. Нәтижесінде – бұл барлау және өндіру жұмыстарын жүзеге асыру үшін лицензиялар алу бойынша бизнес-процестерді жеделдетеді.