Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді. Өткен тәулікте 67 жұқтыру дерегі тіркелді деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия. Осылайша республика бойынша коронавирус жұқтыру көрсеткіші  1 306 300-ге жетті.  Антирейтингтің көшбасында Алматы қаласы тұр – 52 жаңа жағдай анықталды. Екінші орында елорда келеді, мұнда 15 адамның бойынан жұқпалы індет табылды. Айта кетейік, бұған дейін ел бойынша 66 адамның коронавируспен ауырғаны белгілі болған еді. Жалпы елде COVID-19-дан сауыққандар саны 1 млн 292 мыңнан асты.