Қазақстанда STEM білім беру жүйесін дамыту қолға алынды
Елімізде ғылыми-техникалық оқудың біріктірілген тәсілі еңгізілмек. Қазіргі таңда ұлттық деңгейде осыған мүмкіндік беретін STEM білім беру жүйесін дамытудың Жол картасы әзірленіп жатыр.
Заманауи оқудың ұлттық моделін қалыптастыруды көздейтін құжат 11 мақсатты шараны қамтиды. Алдымен тәлім берудің жаңа әдісіне қатысты оқытушылардың біліктілігін арттыру жоспарланған. Үстіміздегі айдың соңында еліміздің әр өңірінде осы бағытты дәріптейтін 100-ден астам маманды даярлау курстары басталады. Ал алдағы аптада еліміздің әр мектебінде STEM сауаттылықты ашатын бейнесабақтар қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді болады. Ол үшін арнайы тұғырнама жасалды.
STEM педагогтар қауымдастығы құрылды. Былтыр қанатқақты жоба аясында ұйымдастырылған 7 апталық 4 бағыттағы біліктілікті арттыру курстарына 197 мыңнан астам адам қызығушылық танытқан.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов