Қазақстанда ұстаздарға құрмет белгісі тағайындалады

Қазақстанда ұстаздарға құрмет белгісі тағайындалады

Қазақстанда «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісі тағайындалады. Төсбелгі 25 жылдан астам еңбек өтілі бар мұғалімдерге ерекше жеке жетістіктері үшін беріледі. Бұл туралы еліміздің Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

«Біз салалық ынталандыру жүйесін бекіту туралы бұйрыққа өзгерістер енгізуге бастама жасадық. «Ұстаздық қызметіне адалдығы үшін» құрмет белгісі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне беріледі. Осылайша, өз ісіне адал, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға зор үлес қосып жүрген ұстаздарды ынталандырғымыз келеді», – деді Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова.