Қазақстанда жастарға арналған жаңа мобильді қосымша жасалуда

Қазақстанда жастарға арналған жаңа мобильді қосымша жасалуда

Қазақстанда жастар мемлекеттік жобалар, гранттар, шәкіртақылар мен бос орындар туралы ақпаратты мобильді қосымша арқылы ала алады. Оның ішінде білімін сынағысы келетіндерге арналған тестілеу жүйесі де болады. Қазір платформаны құрумен еліміздің түкпір-түкпірінен IT мамандарының 30 тобы жұмыс істеуде. Ол үшін оларға екі күн ғана уақыт берілді. Осыдан кейін қазылар алқасы өз шешімін жариялайды. Жеңімпаз атанғандар өз қосымшасын әрі қарай ілгерілеті үшін 3 миллион теңгеге ие болады. Мемлекеттік органдар да жастарға қосымшаны насихаттауға көмектеседі.

Ілияс Түстікбаев, Қазақстан студенттер Альянсының Төрағасы:

– Бұл сумма мобильдік қосымша бойынша байқаудан жеңген және жобасын соңына дейін жеткізген, онлайн дүкендерге жүктеген командаға беріледі. Мобильдік қосымшаны бір жыл ішінде іске қосуға жоспарланған. Бұл тек биылғы жылы ғана тоқтамай, ары қарай да өз жалғасын табады деген үміттеміз.

Қайрат Баймолдинов, ҚР АҚДМ жастар және отбасы істері Комитеті Төрағасының М.А.:

– Біз бұл қосымшаны адамдар жүктеп алу үшін жастар ресурстық орталықтары арқылы насихаттаймыз. Онда мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары туралы ақпарат көрсетіледі. Білім беру бағдарламаларына, жұмыспен қамту бағдарламаларына, әлеуметтік қолдау бағдарламаларына қатысқысы келетін кез келген жас осы платформа арқылы барлық ақпарат пен байланыс мәліметтерін ала алады.