Қазақстанда жыл басынан бері 200 млн кибершабуыл тіркелді
Қазақстанда жыл басынан бері 200 млн кибершабуыл тіркелді. Пандемия кезінде цифрлық инфрақұрылымға үлкен соққы тиді. Мемлекеттік интернет-ресурстарға кіруде туындаған проблемалар қолданыстағы ұйымдастырушылық және технологиялық базаның жеткілікті деңгейде жетілдірілмегенін көрсетіп берді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіхалықов мәлім етті.
Оның айтуынша, мемлекеттік органдарға кибершабуылдарға төтеп берумен байланысты кибершабуылдардың кезеңі жалғасып жатыр.
РУСЛАН ӘБДІХАЛЫҚОВ, ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРЛІГІ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
– Кибержаттығулардың мақсаты – мемлекеттік органдардың ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің ақпараттық қауіп-қатерлерге қарсы дайындығын тексеру. Ол үшін электронды үкімет порталына шартты түрде шабуыл жасалып, мемлекеттік интернет ресурстарды бұзуға әрекеттер жасалады. Фишинг, яғни интернет алаяқтыққа қарсы дайындық бағаланады. Соңғы жаттығу жоспарланған уақыттан ерте басталды.
Еске салсақ, 6 желтоқсаннан Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе «Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан-2020» жаттығуларын өткізуде.