Қазақстандағы ЖОО білім беру бағдарламаларының рейтингі жарияланды

Ал 3,2%-ті қос диплом иемденуге бағдарланған. Бұған қоса, отандық студенттердің шетелде оқу мүмкіндіктері кеңейтілген. Былтыр бұны қалт жібермей конкурсқа қатысқан қазақстандықтардың 44% білімін жырақта түгестеп қайтты. Қазіргі таңда, түлектердің 11%-ті оқуларын магистратурада жалғастыруда. Бұны еліміздегі жоғары оқу орындарының 2022 жылғы білім беру бағдарламаларының рейтингі көрсетіп отыр. Жалпы, он тоғыз критерий бойынша бағаланған рейтингте еліміздің 2 мың білім беру бағдарламасы, 80 мыңнан астам түлек пен 97 оқу орны қамтылды.

Гүлзат Көбенова, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің комитет төрағасы

- Рейтинг үш негізгі блокқа біріктірілген. Олар түлектердің мансаптық әлеуеті, Білім беру бағдарламаларының сапасы, білім алушылардың жетістіктері. Жалпы рейтинг нәтижелерімен министрліктің және «Атамекен» ұлтық кәсіпкерлер палатасының ресми сайтында толығырақ танысуға болады. Талапкерлер мен олардың ата-аналарына әрине бұл рейтинг өте қажет. Әсіресе унивеситет пен болашақ мамандығын таңдаған кезде.