Қазақстандағы жалақысы ең жоғары мамандықтар

Қазақстандағы жалақысы ең жоғары мамандықтар

Дыбыс режиссерлері, гуманитарлық ғылымдар саласындағы университет профессорлары, инженер көмекшілері, инвестициялық жобалар бойынша директорлар. Бұл – Қазақстандағы ең жоғары ақы төленетін мамандық иелері. Мұндай мәліметті республиканың Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі келтіріп отыр. Ведосмство электрондық биржада жарты жыл ішінде алынған статистикалық мәліметтерге талдау жасады. Сондай-ақ ең жоғары жалақы алатын мамандар риэлторлар, бас құрылысшылар және объективті бақылау жөніндегі инженерлер болып саналады. Жыл басымен салыстырғанда Республикада бос лауазымдар саны екі есеге артты. Ал жұмыс іздеушілер арасында белсенділіктің төмендеуі байқалады. Осылайша түйіндемелер саны 70 мыңнан 59 мыңға дейін қысқарды. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мәліметінше, бос жұмыс орындарының саны бойынша Ақтөбе және Жамбыл облыстары көш бастап тұр. Ұсыныстың басым бөлігі  агроөнеркәсіптік кешен, құрылыс және білім беру секторларындағы кәсіпорындар тарапынан түскен.