Қазақстандық БАҚ өкілдері Түркиядағы “Аккую” атом электр станциясының құрылысымен танысты

Соңғы уақытта қоғамда Атом электр станциясын салу мәселесі қызу талқыға түсіп жүр. Оған қатысты алып-қашпа әңгіме де көп. Бізге атом электр станциясы керек дейтіндер де бар, енді біреулер оның қауіпті екенін алға тартады. Қалай болғанда да, былтыр Мемлекет басшысы Қазақстанда атом энергиясын құру мүмкіндігін жан-жақты қарастыруды тапсырды, өзге елдердің тәжірибесін зерттеу керектігін айтты. Ал, таяуда нысан салынатын жер де нақтыланды.
Шілде айында “Бас редакторлар клубы” қоғамдық бірлестігінің бастамасымен бір топ журналист Түркияда салынып жатқан Аккую атом электр станциясының құрылысымен танысып келген болатын. Делегация құрамында болған Бас редакторлар клубының президенті, белгілі журналист Бибігүл Жексенбай сапар барысындағы алған ақпараттарымен бөлісті.