Қазақстандық дизайнер Леонид Жеребцов. «Qazaq Life: Сән» Баян Мақсатқызымен
Бүгінде біз білетін сән деген ұғымының аясы кеңейді. Ол бұрынғыдай қатаң тәртіпке бағынбайды. Сөзімізге бүгінгі қонағымыздың шығармашылығы дәлел бола алады.
Леонид Жеребцов – қазақстандық жас дизайнерлердің «Open way» ұлттық байқауының жеңімпазы. Оның шығармашылығына еркіндік тән. Бір қызығы, ол банкте жұмыс істепті. Ал бүгінде танымал дизайнердің киімдері сән әлемінің төрі саналатын Милан, Париж, Лондон жұртшылығын таңғалдыруда.