Қазақстандық газ экспортының көлемі артты

Қазақстандық газ экспортының көлемі артты

Қазақстандық газ экспортының көлемі артты. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылы шетелге жалпы құны 1,5 млрд долларға бағаланған 13 млрд текше метрден астам көгілдір отын жеткізілген. Отандық табиғи газды негізінен Қытай мен Ресей импорттайды.

Тек мұнай газы мен пропан тасымалдау көлемі сәл азайған. Соңғысы Тәжікстан, Алжир, Польша, Түркия, Болгария, Румыния және Қытайға жіберілді.

Қазақстандық бутанға да сұраныс артқан. Ол Түркия, Тәжікстан, Алжир, Румыния, Украина және Болгария елдеріне тасымалданды.

Сонымен қатар, Германия мен АҚШ-қа мұнай жеткізу көлемі артқаны байқалады. Былтыр 70,5 млн тонна қара алтын экспортталды. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 8,3% көп.