Қазақстандықтар Арменияға жеке куәлікпен бара алады
Қазақстандықтар енді Арменияға жеке куәлікпен бара алады. Сенат екі ел
арасындағы келісімді мақұлдады. Енді қос елдің азаматтары 90 күнге дейін
тіркеусіз жүре алады. Үкімет екі ел арасындағы көші-қон қауіпсіздігін күшейтуге
бағытталған шараларды да қолға алады. Енді қос ел статистикалық, құқықтық және
тұрғылықты жер туралы ақпаратпен алмасады. Бұл заңсыз миграция мен қос
азаматтықтың алдын алуға көмектеспек.Жаңа келісім Қазақстан мен Армения
арасындағы байланысты нығайтып, туризм мен іскерлік саланы дамытуы тиіс. Айта
кетейік, биыл Қазақстанға Армениядан 3 мыңнан астам адам келген. Олардың басым
бөлігі - құрылысшылар, сервис қызметкерлері және IT мамандары. Ал қазір елде
ресми 373 армян азаматы еңбек етеді.

