Қазақстанға қызғылт бірқазандар келді

Қазақстанға қызғылт бірқазандар келді

Қазақстанға қызғылт бірқазандар келді. Қызыл кітапқа енген қанаттылар Қостанай облысындағы Пожарный көліне қонды. Орнитологтардың айтуынша,  бұл олардың  қысқы мекені Африка құрлығынан қайтқан беті. Су қоймасында біраз күш жинаған соң, Наурызым қорығына бет алады. Мұнда олар ұя салады, балапандарын басып шығарған соң, қайтадан жылы жаққа ұшып кетеді. Қызғылыт бірқазан - сирек кездесетін құстардың бірі әрі Қазақстанның табиғи мұрасы екенін айта кеткен жөн.