Қазақстанның банк секторын дамыту

Қазақстанның банк секторын дамыту

Қазақстанның банк секторы тұрақты дамып келеді. Бүгінде елімізде екінші деңгейдегі 21 банк жұмыс істейді. Оның ішінде шетелдің қатысуымен 11 банк, мемлекеттің 100% қатысуымен 2 банк бар. Бұл туралы Астанада өткен брифингте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов мәлімдеді. Ол биылғы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қаржы мекемелерінің активтері 8,6% ұлғайып, 48,4 трлн теңгені құрағаны атап өтті. Ал, банк жүйесіндегі клиенттердің салымдары шамамен 5% өсіп, ұлттық валютада 33 трлн асып жығылды. Сондай-ақ, спикер шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өсуімен елімізде бизнеске берілген несиелер саны да артқанын атап өтті. Көрсеткіш 15% артты. Нәтижесінде бизнесті кредиттеу көлемі 15% ұлғайып, 10 трлн теңгені құрады.

Олжас Қизатов ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары:
- Салалар бойынша экономикаға кредит берудің едәуір үлесі өнеркәсіпке – 11,5% және саудаға 10,2% тиесілі. Жыл басынан бері салалар бойынша кредиттер құрылымы айтарлықтай өзгермеген. Бұл ретте жыл басымен салыстырғанда көлік және сауда салалары бойынша тиісінше 24% және 16%-ға кредит берудің өсуі байқалады.