Қазақстанның қаһарман ардагерлері
Қазақстанның 20-дан астам жауынгері «Кеңес одағының батыры» атағына
ұсынылып, ала алмаған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «Ардагерлер ұйымы»
республикалық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов айтты.
Депутат «Қазақстандық қаһарман майдангерлер» жобасына тоқталып, 30 жыл бойы
жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесін жария етті. Екінші дүниежүзілік
соғыстың беймәлім тұстары, тың деректермен бөлісті. Жобаның қазіргі қарқыны
қандай? Зерттеу жұмыстары қалай өтіп жатыр? JJ Studio-да.

