Қазақстанның оңтүстігінде ғылыми-зерттеу орталығы ашылды

Қазақстанның оңтүстігінде ғылыми-зерттеу орталығы ашылды

Жаңа климаттық экономика мен жасыл технология және климаттық өзгерістердің ауыл шаруашылығына тигізетін кері әсерін азайту. Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері осы бағытта жұмыс жасамақ. Оған жоғары оқу орыныда зерттеу орталығын ашқан Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг көмектесетін болады. Жаңа орталықта магистрант, докторанттар зерттеу жұмыстарын талдаудан өткізіп, ғылымды дамытудың жаңа моделін құруға мүмкіндік алады. Жаһандық сарапшы шәкірттердің жаңа идеяларын жүзеге асыру үшін халықаралық ұйымдармен тығыз байланыста болады.

Рае Квон Чунг, Нобель сыйлығының лауреаты:

Әрине орталықтың басты мақсаты Қазақстандағы экологиялық ахуалды жақсарту үшін жаңа ұсыныстарды әзірлеуге бағытталған. Дереу әрекет етіп, тың тәсілдерді қолға алу арқылы климаттық дағдарыс мәселелерін шешуге болады. Алдағы уақытта студент жастармен бірлесіп осы тақырыптарды тереңінен қаузайтын боламыз.