Қазақстанның теңіз порттары арқылы жүк тасымалдау 19%-ке өсті

Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2022 жылдың 11 айындағы көрсеткіштердің өсімі, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі. Мамандардың айтуынша, «Ақтау теңіз порты» АЭА құрамына енгізілгеннен кейін бұл көрсеткіштер әлі де арта түспек. Бүгінде бұл жоба пысықталу үстінде. Алдағы уақытта ол порт инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жобалардың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Тағы бір айта кететін жайт, тиісті ведомствоның мәлімдеуінше, республика бойынша контейнерлік тасымал көлемі де төрттен біріне жуық өскен. Сонымен қатар теміржол көлігі бойынша жүктер айналымының көрсеткіштері де артып келеді. Жалпы, қазақстандық кәсіпкерлердің жүк тасымалдаудағы халықаралық нарықтағы үлесі 7%-ке көбейген.