Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіның атауы «Отбасы банк» болып өзгерді
«Отбасы банк» болып өзгерген «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» 2021 жылдан бастап баспаналарды бөлу үрдісін орталықтандырады. Ол үшін әкімдіктр пәтер кезегін банкке ауыстырады. Сөйтіп «Баспанамен қамту орталығы» пайда болады және ол бір терезе қағидатымен жұмыс істейді. Қызмет түрі пәтерге мұқтаж барлық азаматтарға қолжетімді. Бұған қоса келесі жылдан бастап, пәтер кезегінде тұрған азаматтарға арналған «Шаңырақ» бағдарламасын пилоттық жоба нәтижелерін ескере отырып өзгерту жоспарланған.
НҰРЛАН АҚШАНОВ, «ОТБАСЫ БАНК» «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Біз табыс бойынша бастапқыда бекітілген норматив 3,1 айлық есептік көрсеткіштің төмен екенін түсіндік. Қазір оны 3,7 айлық есептік көрсеткішке көтеру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Ол клиенттердің көп бөлігіне осы бағдарламаға қатысуға мүмкіндік бермек.
«Отбасы банк» бірінші кезекте әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған. Енді пәтер алу мәселесі жеңілдеп, кезекті басқару тиімділігі артады. Банк жүзеге асырып келген тұрғын үй құрылыс жинақ жүйелері өзгермейді. Есесіне оның корпоративті клиенттер үшін тиімділігі артпақ. Бұл жұмысшыларына арнап үй салатын немесе оларды несиелендіруге мүмкіндік беретін қала құрушы кәсіпорындармен арадағы келісімдер арқылы мүмкін болып отыр.
НҰРЛАН АҚШАНОВ, ««ОТБАСЫ БАНК» «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Жұмысшыларды кәсіпорындар өздері іріктейді. Аз мөлшерде жалға алу құнын төлеп, қаржыны депозитке салады. Одан кейін белгілі бір уақытта жеңілдетілген несиемен жекеменшігіне сатып алады.
Пандемия кезінде банк өнімдерді цифрландыру үрдісін дамытты. Биометрлік жаңашылдық бейнебанкингті онлайн режимде 7 мың салымшы қолданған. Бұл осы жылы депозит ашқандардың 20 проценті.