Суретші Жәмила Тәкеннің картиналарындағы әйел образы
Осыдан көп жыл бұрын әйел-аналардың сұлу келбетіне ғана емес, олардың ұлылығына, нәзіктігіне, мықтылығы мен әлсіздігіне ерекше қайран қалып, солардың арман-мұратын, жалпы әсемдік дегеннің не екенін дәлелдеу үшін Жәмила Такен көркемөнер әлеміне аяқ басқан болатын. Ол өз еңбектерінде ерекше, жан теберінтер образдарды психологиялық тұрғыдан биік белеске көтерді. Суретші қылқаламынан сананы селт еткізер кең ауқымдағы керемет образдар жарық көріп жатты.
Жәмила Тәкеннің картиналарынан оның жан жарасын, еліміз әлемдегі ең керемет елге айналса деген арман-тілегін көреміз. Сан алуан реңкті түрлендірген суретшінің шеберлігінен елінің ертеңіне деген жан толқынысын ұғынғандай болдық. 2019 жылы ол Қазақстанның ең үздік суретшісі атанып, алтын медальға ие болған.