ХВҚ: Орталық Азия COVID-19 пандемиясынын кейін экономиканы қалай қалпына келтіреді?
Халықаралық валюта қоры Таяу Шығыс пен Орталық Азия экономикаларының қалпына келу болжамын төмендетті. Басты себеп – экономиканы әртараптандыру көрсеткішінің аз болуы, шикізат бағасының құлдырауы, мұнайды импорттаушы және экспорттаушы елдердің экономикалық шығынының теңсіздігі. ХВҚ дағдарыс Армения, Әзербайжан, Қырғызстан сынды қақтығыс және шиеленіс болып жатқан аймақтардағы экономикалық проблемаларды ушықтыратынын айтып отыр. Қордың болжамы қандай? Бұл туралы IMPACTFUL бағдарламасында Халықаралық валюта қорының Таяу Шығыс және Орталық Азия департаментінің директоры Джихад Азур айтып береді. Жаңа технологиялар, білім мен экологиялық экономикаға көшу Қазақстанның дағдарыстан өтуіне қалай көмек болатынын біле аласыз. ХВҚ жұмыс орындарын сақтап, әлсіз топтарды қорғауға кеңес беріп отыр. Әлеуметтік қолдаудың қандай тәсілдері ұсынылды? Бұл туралы Ләззат Шатаеваның авторлық бағдарламасының жаңа шығарылымында толығырақ.