Киіз үйлер ауылы Оңтүстік Кореяда пайда болды
Саяхатшылар тарапынан көшпенділердің тұрмысына деген қызығушылық зор. 16 киіз үй тігілген заманауи кешен Чеджу аралында орналасқан. Туристік нысанға келетін демалушылар қазақтың салт-дәстүрілерімен танысып, ұлттық тағамдарынан дәм татып, тіпті атқа мініп серуендейді. Осылайша, Ұлы дала мәдениетімен жақынырақ таныса алады.
Ким Сон Ги, басқарушы компанияның бөлім басшысы:
- Мұнда киіз үйлер тұңғыш рет тігілді. Көптеген турист оларды бірінші рет көріп отыр. Моңғолия мен Қазақстанда осындай үйлер бар екенін тек саяхатқа арналған телебағдарламалардан естіп білді. Сондықтан туристер тарапынан зор қызығушылық бар. Біздің кешен көркем жерде орналасқан, барлық жағдай жасалған. Сол үшін халықтың арасында танымал деп ойлаймыз.