Кинотеатрлар мен банкет залдары қайта ашылады
Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.
Республика аумағында «Ashyq» жобасына қатысушыларды көбейту мақсатында бірнеше нысанды жобаға енгізуге рұқсат етіледі.
– бірінші кезеңде 2021 жылғы 14 сәуірден бастап:
кинотеатрлар;
театрлар және филармониялар;
банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі объектілерді қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілері;
ерікті қатысушылар;
– екінші кезеңде 2021 жылғы 21 сәуірден бастап:
облысаралық және қалааралық жүйелі месе (туристік) тасымалдар;
бильярд клубтары;
концерт залдары;
– үшінші кезеңде 2021 жылғы 5 мамырдан бастап:
1) караоке;
2) «жасыл» аймақтағы банкет залдары (толтырылуы бір залда 50 адамға дейін, 1 келушіге кемінде 4 ш. метр).
Ақпарат көзі: 24.kz