Қоғамдық ортадағы ұрыс баланың психикасына әсер етеді
Жыл басынан бері Психологиялық қолдау орталықтары 21 298 азаматқа жеке консультациялық және психологиялық көмек көрсеткен екен. Олардың ішінде - 12 314 бала және 8 984 ата-ана бар. Айта кетейік, орталықтар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің 20 өңірінде ашылған.
Бағдарлама барысында психолог Серікгүл Сәли көрерменді толғандырған сауалдарға жауап береді.

