Қоқыс аумағы қоршалмаған полигон
Өндірісімен белгілі Ақсу қаласы. Жайқалған жасыл саябақтары көз тартады.
Жастардың қатысуымен өткен экоакциялар қуантады. Алайда шашылған қоқыс пен
қолқаны алатын жағымсыз иіс біраз ойландырады...
Жарты ғасыр бұрын салынған кәріз жүйесі қашан жаңарады? Ақсу тұрғындары
аулаларын гүлмен көмкерген. Ал қала сыртындағы полигон ше? Оны кім қадағалайды?
Жауабын «Таза қалада» іздейміз!

