Көмекке мұқтаж шарасыз аналар мен қорғансыз балалар | Ел бағдарламасы

Бір ананың күрсінгені кейде бар адамның күлкісінен де қаттырақ естіледі. Бір баланың жылаған даусы кейде бүкіл Жер бетін жаңғыртады. Бірақ, соны да естімейтін адамдар бар. Біз сол шырылды естідік. Балалардың бетін айғыздап жуған көз жасын көрдік. Сол шарасыз ана, қорғансыз балалар біздің кейіпкерлеріміз.