Көне түркі тіліндегі Құран кітабының көшірмесі жарық көрді

Қараханидтер дәуірінде көне түркі тіліне аударылған алғашқы Құран кітабының көшірмесі Түркістанда ұсынылды. Халықаралық Түркі академиясы басып шығарған бірегей басылымда біздің заманымызға жеткен Құран аудармасының ең көне әрі толық нұсқасы келтірілген. Бүгінде қолжазба түпнұсқасы Ыстамбұл қаласындағы Түрік және Ислам өнері музейінде сақтаулы тұр.  

Дархан Қыдырәлі, Халықаралық Түркі академиясының президенті:

- Қолжазбаны біздің ғалымдарымыз, Ыстамбұл университетінің белгілі ғалымы және Еуразия ұлттық университетінің докторанты қайта оқып, баспаға әзірледі. Халықаралық Түркі академиясы Құран Кәрімді арнайы баспаға ұсынып жариялады.