Көңіл төріндегі кейіпкерлер | Ел бағдарламасы

Өмірге келген әр адамның өз миссиясы бар: Ақындар адамзатты жауһар жырымен жұбатса, сазгерлер сиқырлы әуенімен әлдилейді. Сол сияқты актерлардың да аманаты ауыр. Кейбірі жүздеген рөлден соң ғана жүректерге жол тапса, енді бірі жалғыз-ақ бейнесімен жұрт жадында қалады.