Коронавирусқа қарсы ревакцинация мерзімі анықталды
Қазақстанда «Pfizer» вакцинасы жүкті әйелдер мен 12 жасқа толған балалар үшін қолжетімді болады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі хабарлады. Сондай-ақ Алексей Цой коронавирусқа қарсы препарат елімізге қазан айында жеткізілетінін мәлімдеді. Сол себепті сала басшысы министр қазақстандықтарға бұл екпені күтпей, басқа вакциналарды ала беруге кеңес берді.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Жақында, бір апта ішінде елімізге тағы бір қытайлық вакцина жеткізіледі. Оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мойындады. Сондықтан оны да егуге болады.
Сонымен қатар Алексей Цой Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны қайталап егудің болжалды мерзімін атады. Ревакцинация қазан айына қарай жүзеге асырылмақ. Яғни жылдың басында вакцинаның бірінші компонентін қабылдағандар күзде тағы екпе салуы мүмкін екенін айтты.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Қазақстан вакцина салуды салыстырмалы түрде кешірек, яғни ақпан айында бастадық. Көпшілік маусым-шілде айларында екпе алды. Біздің антиденелер әлі де жаңа, деңгейі жоғары. Сондықтан екінші дозаны алғаннан кейін шамамен 9 ай өткен соң, күнтізбеге қосатын шығармыз.