Коронавирусқа қарсы вакцина балаларға егілуі мүмкін

Коронавирусқа қарсы вакцина келешекте балаларға да егілуі мүмкін. Әлемнің денсаулық сақтау саласының мамандары бүгінде осы мәселе төңірегінде зерттеу жүргізуде. Бұл туралы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы төрағасы орынбасының міндетін атқарушы Айгүл Базарбаева мәлімдеді. Маманның айтуынша, бүгінде әлемнің бірнеше мемлекетінде 16 жастан асқан балаларды COVID-19-ға қарсы иммундау сәтті жүргізілуде. Бұл біздің елімізде де орын алуы мүмкін.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаны 18 жастан асқан азаматтар ғана ала алады. 

Айгүл Базарбаева, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы:

– Балаларды вакциналаудан бұрын, препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау үшін клиникалық зерттеу жүргізу қажет. Егер қауіпсіздігі дәлелденсе және тиісті бақылаушы органдар оған рұқсат етсе, әрине, онда болады. АҚШ коронавирусқа қарсы екпе салдырғысы келетіндер үшін жас мөлшерін 16-ға дейін төмендетті. Ал қазір оларда тіпті 12-15 жас аралығындағы жеткіншектерге де екпе егу қарастырылып жатыр. Сондай-ақ Еуропалық одақта 12-15 жастағы жасөспірімдерге арналған вакцинаны мақұлдау мәселесі де шешілуде.

Авторы: Ақзер Сегізбай